USD
USD
USD

Лейла Алиева перзентханада болды

Әзірбайжан президенті Ильхам Алиевтің қызы – Лейла Алиева Бакудің Сабунчи ауданындағы №3 қалалық клиникалық аурухананың перзентханасында болды, деп хабарлайды AZƏRTAC.

Лейла Алиева перзентханада болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірақ Лейла Алиева өмірге нәресте әкелу үшін келмеген. Ол Гейдар Алиев атындағы қордың вице-президенті. Осы қор перзентханаға заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған 60 төсек сыйлаған екен. Бұл жерде құрсағындағы шаранада әртүрлі ақауы бар аналар босанатын көрінеді.

Гейдар Алиев атындағы қордың президенті – Ильхам Алиевтің әйелі – Мехрибан Алиева. Ал Лейла Алиеваның вице-президенттік лауазымынан бөлек, қызметі көп. Ол – «Баку» журналының бас редакторы, Ресейдегі Әзірбайжан жастар ұйымының төрайымы,  Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының ізгі ниетті елшісі т.б. Сондай-ақ,  Әзірбайжанның қоғам қайраткері.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция