Кузбасс: Шахтадағы жарылыстан қаза тапқандар саны көбейді

25 қараша, 17:40
Кузбасс: Шахтадағы жарылыстан қаза тапқандар саны көбейді
Фото: google.com

Құтқарушылар Кузбасс қаласындағы шахтадан тағы бір кеншінің мәйітін тапты. 

Алматы, NEGE. Осылайша, ондағы жарылыстан қаза болғандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы Кемерово облысының губернаторы Сергей Цивилевтің Telegram-дағы ресми арнасынан мәлім етті.

«Жаңа ғана қаза тапқан тағы бір адам туралы белгілі болды. Мерт болғандар саны 11 адамға жетіп отыр», – делінген хабарламада.

Кузбасс үкіметінің ресми сайтынан хабарланғандай, шахтадан барлығы 46 адам, соның ішінде қаза болған 11 адам шыға алмаған, құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Ауруханаларда өндірістік апаттан зардап шеккен 43 адам жатыр, олардың төртеуінің жағдайы өте ауыр, 39 адам жеңіл және орташа ауыр халде. Шұғыл қызметтердегі дереккөз мәліметінше, барлығы 46 кенші зардап шеккен.

РФ Бас прокуратурасының сайтында қадағалаушы ведомствоның шахтадағы төтенше оқиғаны бақылауға алғаны хабарланып отыр.