Құс тұмауын жұқтырған бала көз жұмды

21 шілде, 19:29
Құс тұмауын жұқтырған бала көз жұмды
Фото: google.com

Үндістанда құс тұмауынан 11 жастағы бала қайтыс болды, - деп хабарлайды India Today басылымы.

Алматы, NEGE. Басылым мәліметі бойынша, бала 2 шілдеде Бүкіл Үндістан медициналық ғылымдар институтына (All India Institute of Medical Sciences, AIIMS) дене қызуы көтеріліп жеткізілген, ал 20 шілдеде қайтыс болған. Бастапқыда ол COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген күдік болған. Бірақ барлық сынама нәтижесі теріс болғаннан кейін, бала құс тұмауын жұқтырғаны белгілі болған.

Нью-Делидегі барлық AIIMS қызметкері алдын алу шарасы ретінде карантинге алынды. Қазір мамандар қайтыс болған баламен байланыста болған адамдарды іздестіріп жатыр.

Басылым мәліметінше, Үндістанның Қоғамдық денсаулық сақтау мамандары бұл оқиғаға алаңдаушылық танытып отыр. Елде 15 жыл бойы құс тұмауының өршуі бірнеше рет байқалған. Алайда өлім жағдайы алғаш рет тіркеліп отыр.