USD
USD
USD

Коронавирустың жаңа түрі шықты

Франция ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түрін тапты. 

Коронавирустың жаңа түрі шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол туралы деректер әзірге аз.

Бүған дейін Камеруннан келген саяхатшыдан белгісіз штамм табылған еді. Ол Францияның оңтүстігінде кем дегенде 12 адамға жұқтырып үлгерген. Оның тесті «мутацияның атипті комбинациясын» көрсетті.
Коронавирустың жаңа түріне уақытша B.1.640.2 атауы берілді. Оны Марселдегі Жерорта теңізі жұқпалы аурулар институтының ғалымдары ашты. Жаңа нұсқадан 46 мутация анықталған.
Бұл штамм бұған дейінгі нұсқаларға қарағанда қатты жұқпалы болуы мүмкін. Әзірге ол туралы мәлімет аз.
Қазіргі уақытта Франция аумағында коронавирустың «омикрон» штамы өршіп тұр. Ауырғандардың 60 пайызы соны жұқтырған. Пандемия басталған уақыттан бері елде 10 млн астам адам коронавирус жұқтырды.
3 қаңтардан бастап Францияда жаңа ереже енгізілді, оған сәйкес 6 жастан асқан балалар (бұған дейін 11 жас) маска тағуға міндеттелді. Бұдан бөлек, Париж бен Лион сияқты ірі қалаларда көшеде қайта маска тағып жүру керек.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков