USD
USD
USD

Коронавирус долларға қалай әсер етіп жатыр

Бұл туралы ақпаратты ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі Facebook-те жариялады.

Коронавирус долларға қалай әсер етіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. ҚР Ұлттық банкі Сыртқы валюта нарығында орын алған бірқатар маңызды оқиғалар туралы талдау жасады. Талдауға сәйкес, әлемде АҚШ доллары дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреген.

Коронавирустың Қытайдан тыс жерде таралуына байланысты туындаған қорқыныш салдарынан инвесторлар дамушы елдердің активтерінен шығып жатыр.

«Италия, Оңтүстік Корея және Иран коронавируспен ауыру жағдайларының күрт өскенін хабарлады, ДДСҰ коронавирус індетінің қауіптілігін «өте жоғары» деңгейге көтерді. АҚШ федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл вирустың таралуы АҚШ-тың экономикалық өсуіне «тәуекелдерді туғызады» деді. Қажет болған жағдайда АҚШ Орталық банкі пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуге дайын екендігін білдірді», - деді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды