26 Қыркүйек 12:58

Кореяда тәулігіне 3 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырады

Фото:

  Оңтүстік Кореяда күніне 3 мыңнан астам адам COVID-19 жұқтыруда.

Алматы, NEGE. Елде халықты вакциналау қарқынды жүргенімен індеттің таралуы басылар емес. Сарапшылар індет жұқтырғандар санының күрт өсуін егін жинау мерекесімен байланыстырады. Өйткені билік азаматтарды мейрам кезінде сапарға шықпай үйде болуға үндегенімен елдің көлік министрлігінің мәліметінше, 17-22 қыркүйек арасында 32 миллионнан астам адам, яғни халықтың жартысынан көбі аймақтарға саяхаттапты.

 Қазір елде бір тәулікте 200 мың адам ПТР-тест тапсырады. COVID-19-ға  шалдыққандардың 85 проценттен астамы вакцинаны алмағандар екен. Сондай-ақ екпенің екінші дозасын салдырмағандар да жиі ауыратын көрінеді. 

Егін жинау мерекесі алдында үкімет ковидке қарсы шектеулерді жеңілдету мәселесін талқылады. Бірақ індет жұқтырғандар көбейген соң кейінге қалдырды. Ауруларды бақылау орталығында эпидемиялық жағдай қазан айының соңына қарай жақсарады деген болжам бар. Өйткені осы уақытқа дейін Корея тұрғындарының 70 проценті толық вакциналаудан өтуі тиіс. 

Тегтер: