2 Маусым 09:59

Қытайда үшінші баланы жоспарлағандарға қолайлы жағдай жасалмақ

Фото:

Қытайда 14 жасқа толмаған 253 миллион бала бар. Бұл бүкіл халықтың – 18%-і.

Алматы, NEGE. Елдегі жалпыұлттық санақ мәліметі осындай. Халық қартая бастағандықтан, билік үш бала тууға рұқсат берді. Енді отбасыларға айыппұл салынбайды. Керісінше оларға қолайлы жағдай жасалады.   Балаларды қорғау күніне орай бүкіл ел аумағында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Кейбір мектептер демалыс жариялады. Ал таяуда билік отбасыларға үшінші бала тууға рұқсат берді. 10 жыл бұрын екінші бала тапқан ата-аналарға айыппұл салынатын. Бұл үшін мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан да шығаратын. 2016 жылы Қытай үкіметі екінші балаға рұқсат берді. Бес жыл өтісімен жаңа жеңілдік жасалды.  

 2016 жылдан бері елде бала саны көбейген жоқ. Керісінше соңғы жылдары бала туу азайып кетті. Отау құрғысы келетін жастар саны да қысқарып келеді. Үкімет осы жағдайды өзгертуге тырысып жатыр.

Тегтер: