USD
USD
USD

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа 15 жыл сұрады

Бішкектің Бірінші май аудандық сотында қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі қаралып жатыр.

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа 15 жыл сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошевтың хабарлауынша, мемлекеттік айыптаушы экс-президентке 15 жыл түрме жазасын сұраған. Мұнан бөлек барлық мемлекеттік марапаттаудан айырып, дүние-мүлкін тәркілеуді сұраған.

Адвокаттың сөзінше, сот үкімі 18 маусымда жарияланбақ. Батукаевты заңсыз босатты деген іс бойынша 19 адам жауап беріп жатыр. Оның ішінде 4 басты күдікті бар, солардың бірі – Алмазбек Атамбаев.

Қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаев 2013 жылы Нарын түрмесінен дәрігерлердің қатерлі ісік ауруымен ауырады деген анықтамасы бойынша мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Сол күні ол Грозный (Шешенстан, Ресей) қаласына ұшып кеткен.

2019 жылы елдің ішкі істер министрлігі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмысын бастаған. Басты айыпталушылар - елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев. Бұрынғы бас прокурор Индира Жолдубаева, Жазаларды атқару мемлекеттік қызметі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Калыбек Качкыналиев пен Гематология орталығының бұрынғы директоры Абдухалим Раимжанов.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті