5 Тамыз 19:21

Қылмыскер бір отбасының бес адамын пышақтап тастады

Фото:

Ресейдің Хакасия републикасындағы Ширин ауданында қарасты Жирим ауылында бір отбасының бес адамын қылмыскер пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Алматы, NEGE. «Хакасия Республикасындағы Ширин ауданының Жирим ауылында бір отбасындағы бес адамның өлтірілгені туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнында, жер үй аумағында әйелдің, оның күйеуінің, ұлы, кішкентай немере қызы және күйеуінің ағасының денесі табылды. Барлығына жарақат салынған. РФ Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (екі не одан да көп адамды және кішкентай баланы өлтіру) қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмысты жасады деген күдікке ілінген Ширин ауданының бұрын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған 1985 жылғы тұрғыны ұсталды», - деп хабарлады тергеу комитетінен.

Қазіргі кезде қылмыс болған жерде тергеушілері, криминалистер, жедел қызметкерлер және сарапшылардан құралған тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

Олар қанқұйлы қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шарасын жүргізеді.

Тегтер: