USD
USD
USD

Қазақстанның Кабулдағы елшісі «Талибан» өкілімен кездесті

Кабулда Ауғанстанның Қазақстаннан берілетін гуманитарлық көмекке мұқтаждығы талқыланды, – деп хабарлайды Сырты істер министрлігі.

Қазақстанның Кабулдағы елшісі «Талибан» өкілімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиевтің Ауғанстан уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездесуі кезінде ауған халқына азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқылаған.

Сондай-ақ, Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғысын айтты.

Оның айтуынша, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елдермен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатердің туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды. Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтыны айтылды.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Референдум

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

.

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Маңғыстау облысы

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады

Референдум