Илон Масктың байлығы 300 млрд доллардан асып кетті
SpaceX және Tesla жоғары технологиялы компанияларда үлесі бар Илон Маск әлемдегі ең бай адамға айналды. Оның дәулеті 300 миллиард доллардан асты, деп хабарлайды Business Today.
Алматы, NEGE. Forbes және Bloomberg Billionaires Index (BBI) рейтингтері бойынша, американдық Tesla электромобильдерін шығарушы компания акцияларының күрт өсімінің арқасында Масктың дәулеті бір күннің ішінде 17,1 миллиард долларға артып, 315 миллиард долларға жеткен. Өз кезегінде Bloomberg агенттігі Масктың дәулетін 335 миллиард долларға бағалап отыр.
Сондай-ақ ең бай адамдар «үштігіне» Amazon негізін қалаушы Джефф Безос (193,2 миллиард доллар) және дәулеті 190,8 миллиард долларға бағаланып отырған Францияның LVMH компаниялар тобының бас директоры Бернар Арно кірді.
Қазір оқып жатыр
Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді
Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі
Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты
«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді