4 Маусым 17:09

Илон Маск биткоинге неге өш?

Фото:

Илон Маск өз твиттерінде биткоин хештегін және «жаралы жүрек» эмодзиін жариялаған соң криптовалютаның бағасы төмендеді, деп хабарлайды Bloomberg.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Илон Масктың жазбасынан кейін биткоин 2.8%- ға арзандап, Гонконг биржасында 37850 долларға сатылды. Мұндай құлдырау осы аптаның ішінде ең ірі криптовалютаның және криптовалюталар нарығының бағасы тұрақтанғаннан кейін алғаш рет орын алды. Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де биткоин бағасы 5.35%- ға 36748 долларға дейін төмендеді. Илон Масктың посттары көбінесе биткоиннің құлдырауына себеп болып жатады. Оның ішінде табиғатқа зиянын тигізеді деген желеумен Тесла компаниясында криптовалютаны қолдануды тоқтата тұру туралы соңғы шешімі де әсер еткен.

Тегтер: