USD
USD
USD

Харьков тұрғындары қазақ тілін үйреніп жүр

Қазақстан Республикасының Харьков қаласындағы Құрметті консулдығында Қазақстанның Украинадағы Елшілігінің көмегімен «Шаңырақ» қазақ тілін оқыту мектебі өз қызметін бастады. Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Харьков тұрғындары қазақ тілін үйреніп жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мектеп оқушыларының арасында қазақ диаспорасының өкілдері, негізінен балалар, және Қазақстанға қызығушылық танытып отырған жергілікті азаматтар бар.

Бұл ретте мұндағы оқыту әдістемесі тек қазақ тілін оқытуға емес, сонымен бірге қазақ халқының дәстүрлерін, мәдениеті мен салтын тануға негізделген. Диаспора өкілдері осындай мектептің ашылуына жоғары бағасын берді, себебі оның қызметі шетелдегі қазақтардың бірігуіне септігін тигізіп, тарихи Отанымен байланысты одан да жақсы сезінуге, сондай-ақ Украинада Қазақстан атын шығаруға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

ҰҚШҰ оқу-жаттығуы аясында Ресей аумағына әскери техника тасымалданатыны ескертілді

Оқу-жаттығуға жөнелтілген әскери техника

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

Өрт сөндірушілер

БҚО-да колледж студенті әкесін сотқа беріп, айына 40 мың теңге алимент өндіріп алды

блогер соты

Машинист айдалада жалғыз жүрген кішкентай бала үшін пойызды тоқтатуға мәжбүр болған

Машинист пен бала