22 Қыркүйек 18:20

Хабаровск аймағында ұшақ радардан жоғалып кетті

Фото:

Ресейдің Хабаровск өлкесінде алты адам мінген Ан-26 ұшағы байланысқа шықпай қалды.

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі растады.

Бортта алты адам болған. Соңғы рет ұшқыштар қаладан 38 шақырым жерде белгі берген. ТЖМ Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін әуеге көтерілгенін атап өтті.

Ұшақ байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін оны іздеуге Росавиацияның Ми-8 тікұшағы тартылды. Министрліктің тағы бір тікұшағы ұшуға дайындалып жатыр.

Тегтер: