6 Маусым 20:17

Грузияда шектеу шаралары жеңілдеді

Фото:

Жергілікті билік қоғамдық тамақтану орындарының ашылуына рұқсат берді. Ал коменданттық сағаттың уақыты кешкі 9-дан емес, 11-ден басталатын болды.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, демалыс күндері ғимарат ішіндегі мейрамханалар  да кәсібін дөңгелете береді. Бұған дейін олардың жұмысына тыйым салынған еді. Аймаққа келген туристердің де саны артып келе жатқаны байқалады. Жергілікті кәсіпкерлер бұған дән риза. Аспазшылар мен сала қызметкерлері де сүйікті жұмысына білек сыбана кірісіп жатыр. Бірақ меймандардың қарасы әлі де аз. Десе де мейрамхана иелері жағдайдың оңалатынына үмітті. Таяуда жергілікті билік аймақтағы коменданттық сағат уақытын қысқартқан еді. Алайда пандемияға дейінгі жағдайға оралу үшін әлі ерте деген пікір айтады кәсіпкерлер. 

Қиындықтарға қарамастан кәсіпкерлер мойымай, жергілікті биліктен қолдау күтеді. Таяуда ғана Тбилиси мэриясы 200 дәмхананы жыл соңына дейін жалдау ақысынан босатты. Шекара қызметі жуық арада аймаққа келген саяхатшылардың саны артады деп отыр.

Тегтер: