23 Маусым 11:56

Грузияда бетперде кию міндет емес

Фото:

Грузияда бүгіннен бастап таза ауада бетперде кимей жүруге рұқсат етті.

Алматы, NEGE. Бұл ел тұмшаланып жүруді былтыр наурыз айында міндеттеген. Бірақ жазда шектеу жеңілдетіліп , кейін эпидахуалдың ушығуына байланысты тәртіп қайта енгізілген. Енді вакциналау басталғаннан бері індеттің беті қайта бастады. Күн сайын анықталатын науқас саны 300-ге жетпейді.

Ираклий Гарибашвили, Грузия Премьер-министрі:

– Бүгіннен бастап таза ауада маска тағу міндеттелмейді. Қоғамдық көлік пен жабық бөлмелерде бұл шектеу әлі күшінде қалады. 1 шілдеде коменданттық сағат алынып тасталады. Ал екі аптадан кейін Грузияға бір миллион вакцина жеткізіліп, елде вакциналаудың белсенді кезеңі басталады. 

Тегтер: