Грета Тунберг өз атын сауда белгісі ретінде тіркегісі келеді
30 қаңтар, 12:36
2019 жылы БҰҰ-да сөз сөйлеп танылған швед қызы Грета Тунберг өз атын сауда белгісі ретінде тіркеу туралы өтініш беріпті. Бұл туралы 17 жастағы қыз өзінің Instagram парақшасында хабарлаған.
Алматы, NEGE. Сонымен бірге ол өзі бастамашысы болған оқушылардың халықаралық қоғамдық қозғалысының атауын да тіркегісі келеді. Бұл қозғалыс климатты қорғау, экологиялық мәселелерге назар аударту шараларымен айналыспақ. Шведтің белсенді қызына өзінің аты мен қозғалыстың атауын әлдекімдердің рұқсатсыз коммерциялық мақсатта пайдалана бастағаны ұнамаған көрінеді.
Грета Тунберг 2019 жылғы Нобельдің бейбітшілік сыйлығына үміткер болған, ал Time журналы оны жыл адамы деп таныған.