Ғалым: Адамдар өлмейді, тек басқа әлемге өтеді
Күллі әлемге мәшһүр америкалық ғалым, Уэйк-Форест университетінің деканы, медицина профессоры, TIME журналы әлемдегі ең ықпалды жүз адамның қатарына енгізген Роберт Ланца «өлім жоқ, адамдар тек басқа параллельді әлемге өтеді» деген теория ұсынып отыр.
Алматы, NEGE. Оған сенсек, өлім – адам санасының елесі ғана. Роберт Ланцаның пікірінше, өлім ұғымы сананың ерекшелігімен байланысты. Ол ішкі ағзалардың қызметінің тоқтауы арқылы өмірден өтумен ұштасып жатыр. «Шындығында, сана өшпейді. Жұмыс істеуін тоқтатпайды. Бірақ басқа әлемде», – дейді ғалым.
Роберт Ланца адамдардың жасушаларын зерттеу саласында орасан зор жетістікке жеткен ғалым. Жоғалып бара жатқан жануарларды клондау тәжірибелері де табысты өткен. Бірнеше жыл бұрын ол физика және кванттық механикамен де айналыса бастаған. Аталған ғылымды меңгерген соң, осындай тұжырымға келіп отыр.
«Адамдар өзін денесімен байланыстырады. Дене өлсе, сонымен бірге өлеміз деп ойлайды. Ал сана уақыттан және кеңістіктен тыс өмір сүреді», – деп сүйінші сұрайды ғалым.
Оның сөзіне қарасақ, дүние қат-қабат әлемдерден тұрады. Бір әлемде дене өлсе, екінші әлемге ауысып келіп, өмір сүріп жатады. Бұған нық сенімді.