USD
USD
USD

Еуропаның бір мемлекеті коронавирус індеті аяқталғанын мәлімдеді

Словения үкіметі коронавирус эпидемиясы аяқталғаны туралы ресми түрде мәлімдеді.

Еуропаның бір мемлекеті коронавирус індеті аяқталғанын мәлімдеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үкіметтің хабарламасында былтыр 12 наурызда енгізілген эпидемия режимі 16 маусымнан бастап алынатыны жазылған. Ал елдің Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы шаралар 17 маусымға дейін сақталатынын, кейіннен ол қайта қарастырылатынын хабарлады. Жабық нысандарда маска тағу және дезинфекциялық құралдарды қолдану міндетті. 

«Ертеңнен бастап Словенияда эпидемия ресми түрде аяқталады, бірақ коронавирусқа қарсы күрес әлі біткен жоқ. Вакцинация эпидемияны бақылауда ұстаудың негізгі шарасы болып қала бермек», – делінген ДСМ хабарламасында.  

Соңғы мәліметтер бойынша, елде кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырған 112 адам анықталған.   

Қазір оқып жатыр

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.