Еуропа: Вирустан көз жұмғандар саны күрт артты

24 қараша, 13:18
Еуропа: Вирустан көз жұмғандар саны күрт артты
Фото: google.com

Еуропалық аймақта COVID-19 жұқтыру саны өсуде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маска режимін сақтауды және тәуекел тобына жататын адамдарға вакцина салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды БҰҰ Жаңалықтар қызметі

Алматы, NEGE. Өткен аптада ДДҰ Еуропалық аймақ елдерінде COVID-19-дан орташа есеппен күніне 4 200 адам қайтыс болды, бұл қыркүйек айымен салыстырғанда екі есе көп.

Еуропа мен Орталық Азияда қайтыс болған адамдардың басым бөлігі КВИ жұқтырғандар, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.

Сарапшылар ескерткендей, ДДҰ Еуропалық аймағының 53 елінің 25-інде жақын арада ауруханаларда орын қалмауы мүмкін, ал келесі жылдың наурызына дейін 49 елде науқастарға интенсивті терапия палаталарында орындар жетіспейді деп болжап отыр.

ДДҰ мәліметтері бойынша, көктемге қарай осы аурудан қайтыс болатындар саны 2,2 миллионнан асуы мүмкін.

«Вирусқа қарсы күресу үшін және қатаң шектеулер қолданбау үшін «вакцина плюс» тәсілін қолдануымыз керек. Бұл дегеніміз вакцинацияның толық курсынан өтіп, мүмкіндік болса қосымша үдеткіш дозасын алу қажет», - деп атап өтті ДДҰ Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге.