2 Маусым 09:45

Еуроодаққа мүше 7 ел вакциналау құжатын бере бастады

Фото:

Болгария, Чехия, Дания, Германия, Грекия, Хорватия және Польша сертификаттарды тексеретін жалпы еуропалық шлюзге қосылды.

Алматы, NEGE. Құжат пандемия кезінде одақ ішінде еркін қатынауды қайта жандандыруы тиіс. Сертификатта иесінің вакцина салдырғаны немесе ПТР-тест нәтижесі және аурудан жазылғаны туралы мәлімет тіркеледі. ПТР тесттердің жарамдылық мерзімі 72, ал антиденелерге жасалған тесттің мерзімі 48 сағатты құрайды. Сертификаттарды 1 шілдеден енгізу көзделіп отыр.  

Әділет жүйесі бойынша еурокомиссар Дидье Рейндерс: "Вакциналаудан өткен ата-анасымен саяхаттап жүрген балаларды карантинге жібермеуді ұсындық. Сондай-ақ Еуроодақ елдеріне 6 жасқа толмаған балаларды тесттен өткізудің қажеті жоқ деп отырмыз", – деді. 

Тегтер: