24 Қыркүйек 09:54

Эльбруста мерт болған альпинистердің саны бес адамға жетті

Фото:

  23 қыркүйек күні кешкісін Эльбруста көмек сұраған альпинистер тобының бес мүшесі қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы РФ ТЖМ Кабардино-Балкария бойынша бас басқармасының бастығы Михаил Надёжин мәлім етті, деп хабарлайдыТАСС..

«Өкінішке қарай, бес адамның мәйіті табылды», - деді агенттік дереккөзі. Сондай-ақ, ол іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 14 адамды төменге алып түсіп, дәрігерлерге бергендерін атап өтті. «Барлық 14 адам апат медицинасы және жедел медициналық жәрдем дәрігерлеріне берілді. Оның ішінде 11-і Нальчик қаласындағы республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Үш адам ауруханаға жатудан бас тартты», - деді ол. «Құтқарушылар екі адамды құтқарамыз деп ойлап еді, бірақ, өкінішке қарай, олар барған кезде екі адам көз жұмған екен. «Гара-Баши» стансасында, 3900 метр биіктікте апат медицинасы дәрігерлері олардың қайтыс болғанын анықтады», - деді ол. Бұған дейін үш адамның көз жұмғаны хабарланған болатын.

Тегтер: