USD
USD
USD

ҰҚШҰ саммитінде Путин Қазақстандағы «Қаңтар бүлігін» еске салды

Мәскеуде ҰҚШҰ ұйымының мерейтойлық саммиті өтіп жатыр. Ұйымға мүше елдердің басшылары дөңгелек үстел басында кезекпен сөз алуда.

ҰҚШҰ саммитінде Путин Қазақстандағы «Қаңтар бүлігін» еске салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ең алдымен сөз алған Беларусь президенті Александр Лукашенко «Украинаға қатысты қауіпті тенденция байқағанын» және «бітімгершілік күш кейпін желеу еткен поляктар Украинаның батыс облыстарын басып алуы мүмкін» екенін айтты.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әріптестерін «9 мамыр – Ұлы жеңіс күнімен» құттықтап, 9 мамырда Қырғызстанда мыңдаған адам Жеңіс парадына қатысқанын ескертті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше елдер президенттерін ҰҚШҰ-ның 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, ұйымның тиімді жұмысын айтып, қысқа қайырды.

Ал одан кейін сөз алған Ресей президенті Владимир Путин әңгіменің әлқиссасын ұжымдық қауіпсіздік ұйымының тиімділігінен бастады.

«Биыл қаңтарда Қазақстан билігі ұйымға өтініш жасап, елде билікті күшпен басып алмақ болғандарға тойтарыс берілді. Біз әскери әлеуетімізді көрсеттік. Бұдан бөлек не істеуіміз керек екенін де айқындадық», – деген В.Путин «әсіреұлтшылдықпен бұдан әрі де күресе беретінін» ескертті.

Жиында Путиннің дауысы қарлығыңқы естілді. Тамағы ауырып тұрған болуы әбден мүмкін...        

Қазір оқып жатыр

Тоғыз күнде 1500 шақырым: «Әділетті Қазақстан үшін» керуенінің аралық қорытындысы қандай?

.

Семейдегі бұрынғы «Пищевик» стадионының аумағынан адам сүйектері табылды

.

Энергетика министрлігі КҚК толық тоқтайды деген ақпаратты жоққа шығарды

КҚК

Түркияда Temu маркетплейсіне айыппұл салынды

Temu