21 Қаңтар 09:31

Екпе алмағандар кем дегенде 600 еуро айыппұл төлейді

Фото:

Австрияның Ұлттық кеңесі көпшілік дауыспен елдің бүкіл тұрғындары үшін ковидке қарсы міндетті вакцинация туралы заңды қабылдады.

Алматы, NEGE. Бұл заңның күші 2024 жылдың 31 қаңтарына дейін сақталады. Осылайша, Австрия - ЕО-да коронавирусқа қарсы екпе міндетті саналатын бірінші ел болмақ. Наурыз айынан бастап екпе салдырмаған ел азаматтары айыппұл төлейтін болады, оның ең төменгі көлемі – 600 еуро. Ел билігі сондай-ақ екпе алғандар арасында сыйлықтар ұтысын ұсынуды жоспарлап отыр. Лотереяның әрбір оныншы қатысушысы 500 еуро көлеміндегі ақшалай купон ұта алады. «Біз аймақтарды тек вакциналау жөнінде ақпараттандыру үшін ғана емес, сондай-ақ екпе салдырғандар саны үшін ынталандырамыз. Аймақтар мен қалалар бұл қаражатты өз дамуына жұмсай алады», - деп мәлімдеді Австрия канцлері Карл Нехаммер.

Тегтер: