Депутаттар да жауаптан қаша алмайтын болды
04 желтоқсан, 18:28

2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап Украинада депутаттық қолсұғылмастық құқығы тоқтатылады. Бұл – енді құқық қорғау органдары Жоғары раданың рұқсатынсыз-ақ депутаттардың үстінен қылмыстық іс қозғап, тұтқындай алады деген сөз. Бұл туралы ng.ru cайты хабарлады.
Алматы. NEGE. Парламент мұның егжей-тегжейін талқылап жатқанда, Киевте сарапшылар Петр Порошенконың тағдырына алаңдап отырған көрінеді. Айта кетерлік жайт, 2017 жылы Жоғарғы радаға депутаттық иммунитетті алып тастау туралы заңжобасын ұсынған Порошенко өзі болатын. Ол жобаның 2020 жылдан бастап іске қосылатынын, конституцияға енгізілетін өзгерістерге осыншама уақыт керек екенін айтқан.