Депутаттар Ауғанстандағы жағдайға алаңдап отыр

14 қыркүйек, 18:29
Депутаттар Ауғанстандағы жағдайға алаңдап отыр
Фото: google.com

Бүгін Страсбург қаласында Еуропарламенттің кезекті пленарлық сессиясы жұмысын жалғастыруда.

Алматы, NEGE. Еуропарламент депутаттары ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Ж.Боррельдің қатысуымен Ауғанстандағы дағдарысқа қалай әрекет ету керек екенін талқылайды.

Еуропарламент депутаттары мен Ж.Боррелль гуманитарлық және көші-қон дағдарысына қалай әрекет ету керектігін, Ауғанстандағы мұқтаж адамдарға көмек көрсету және өміріне қауіп төніп тұрған адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғау мәселелерін талқылауға ниетті.

Сонымен қатар, Страсбургте ЕО ауған босқындарына, сондай-ақ әлі де елден кетуге тырысып жатқан адамдарға қандай қолдау көрсетуге болатыны және Кабулдағы жаңа билікпен қалай қарым-қатынас жасау керектігі талқыланады.