USD
USD
USD

ДДСҰ пандемияның қашан аяқталатынын айтты

Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін.

ДДСҰ пандемияның қашан аяқталатынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол үшін келер жылдың ортасына дейін әлем халқының 70 проценті вакцина салдыруы тиіс. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы осылай деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ қазір мамандарды омикрон алаңдатып отырғанын айтты. Өйткені қолда бар мәлімет бойынша, бұл штамм дельтадан да жылдам тарайды. Соңғы ақпарат бойынша, өткен айда ғана анықталған жаңа мутация әлемнің 90-нан аса елінде тіркелген.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ басшысы:

– Омикрон тез тарайтындықтан, бұған дейін індетпен ауырып шыққандар мен екпе салдырғандардың вирусты қайта жұқтыру ықтималдығы бұрынғыдан да жоғары болуы мүмкін. Бұл бағыттағы зерттеулер әлі жалғасып жатыр. Біз вирустың қалай пайда болғанын нақты білуіміз керек. Сонда болашақта қазіргідей жағдай қайталанбайды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.