15 Желтоқсан 14:39

Дәріханаларда 18 бен 25 жас аралығындағы жастарға мүшеқап тегін берілетін болады

Фото:

Франция президенті Эммануэль Макрон 2023 жылдан бастап жастарға мүшеқап сатып алмайтын жағдай жасауға уәде берді.  

Алматы, NEGE. «2023 жылы 18 бен 25 жас аралығындағы барлық жастарға мүшеқап дәріханаларда тегін беріледі», - делінген Франция президентінің парақшасында.

Француз басшысы жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты осындай шара қолданбақ.  

Макронның айтуынша, бұл шара басқа да осыған ұқсас жобаларды толықтырады. Мысалы, оның ішінде дәріханадағы барлық әйелдер үшін тегін шұғыл контрацепция және 26 жасқа толмаған адамдар үшін АҚТҚ инфекциясынан басқа жыныстық жолмен берілетін ауруларға тегін тестілеу бар. 

Бұған дейін Францияда 18 бен 25 жас аралығындағы әйелдер контрацепцияны тегін пайдалана алатын. Француз әйелдері жүктіліктің алдын алу таблеткаларын да, контрацепцияның басқа да түрлерін ала алады.

Тегтер: