COVID-19-дың төртінші толқыны басталды

21 шілде, 09:42
COVID-19-дың төртінші толқыны басталды
Фото: ғаламтордан

Франция билігі елде COVID-19-дың төртінші толқыны басталғанын жариялады, - деп хабарлайды iz.ru сайты.

Алматы, NEGE. «Елде коронавирус пандемиясының жаңа толқыны басталып, алдыңғы жағдайлардан анағұрылым тез қарқынымен тарап жатыр», - деді үкімет өкілі Габриэль Аттал.

Шенеуніктің айтуынша, бір апта ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 125 пайызға артқан, олардың 80 пайызы дельта штамын жұқтырған. Ресми мәлімет бойынша, Париж сауда орталықтарында азық-түлік пен негізгі қажеттілік заттарын сатып алуға арналған іріктеп өткізу жүйесі сақталады. 9 шілдеде Франция билігі «дельта» штамын жұқтыру жағдайы елде басым екенін атап өтті. 

Сондай-ақ, ол республика үкіметі COVID-19-бен күресу шараларын қатаңдату туралы заң жобасын мақұлдағанын айтты. Енді карантинді бірінші рет бұзған азаматтарға 1,5 мың еуро айыппұл салынып, жағдай қайталанса бұл сомма 9 мың еуроға дейін көтерілуі мүмкін.

Бұған дейін Франция билігі карантин режимі 15 сәуірде аяқталады деп жоспарланғанын хабарлаған еді. Алайда 9 мамырда үкімет коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай 10 шілдеге дейін созылатыны туралы заң жобасын қабылдады.