COVID-19-дан болатын өлім жағдайлары қазан-қарашада көбейеді
14 қыркүйек, 15:45

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада қазан мен қараша айларында коронавирустан болатын өлім жағдайларының көбейетінін болжады.
Алматы, NEGE. Бұл туралы ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге айтты, деп хабарлады France-Presse. «Жағдай күрделене түседі. Қазан, қараша айларында біз өлім-жітімнің жоғарылауын көреміз», - деді Клюге. Өлім санының көбейуі Еуропада эпидемияның жаңа толқынына байланысты болмақ.