COVID-19: Үндістанда келесі жылдың ортасына дейін 250 млн адам егілмек

05 қазан, 11:41
COVID-19: Үндістанда келесі жылдың ортасына дейін 250 млн адам егілмек
Фото: ғаламтордан

Үндістан билігі келесі жылдың шілде айына дейін коронавирусқа қарсы 250 миллион адамды екпек ниетте.

Алматы, NEGE. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрі Харш Вардхан мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцина алдымен дерт ең қауіпті саналатын халықтың осал топтары мен медициналық қызметкерлерге егілмек. Қазір елде COVID-19-ға қарсы 3 вакцина сынақтан өткізілуде.

Еске сала кетейік, Үндістан әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында. Бұл мемлекетте індет басталғалы вирусты 6,5 милионнан астам адам жұқтырып, олардың 100 мыңнан астамы қайтыс болған.