9 Маусым 09:53

Біреу Макронның бетінен шапалақпен салып қалды (видео)

Фото:

 Франция президентіне шабуыл жасалды.

Алматы, NEGE. Дром департаментіне сапары барысында Эммануэль Макрон оқу орнынан шығып, тосып тұрған жергілікті тұрғындармен сәлемдеспек болады. Президент қол алысқан ер адам оны осы сәтте шапалақпен тартып жіберді. Күзетшілер дереу араласып, Эммануэль Макронды қалқалады. Бұл оқиға бойынша екі адам қамауға алынған. Билік өкіліне жасаған шабуылы үшін оларға үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Франция премьер-министрі Жан Кастекс: "Республика президентіне күш көрсету оқиғасын демократияға жасалған шабуыл деп айтқым келеді. Демократия дегеніміз пікірталас, диалог, түрлі көзқарастардың қақтығысы, бұл заңды түрде қарсылық білдіру. Бірақ еш жағдайда күш көрсетуге болмайды", - деді.

Тегтер: