USD
USD
USD

Бір сағаттан кейін Джефф Безос ғарышқа ұшады

20 шілдеде Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безос иелік ететін Blue Origin ғарыш компаниясы алғашқы миссиясын орындайды, - деп хабарлайды rozetked.me.

Бір сағаттан кейін Джефф Безос ғарышқа ұшады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. New Shepard кемесінде Безостың өзі, оның ағасы Марк, сондай-ақ 82 жастағы Уолли Франк және 18 жастағы Оливер Дэмен болады. New Shepard Карман сызығын кесіп өтеді деп күтіледі. Ол - теңіз деңгейінен 100 шақырым биіктік, көп елде ғарыш аймағының шекарасы деп анықталған.

Бұл миссия екі фактормен ерекшеленеді: Дэмен ғарышқа ұшқан ең жас адам, ал Франк ең қарт адам болады.

Капсула зымыран ұшқаннан кейін үш минут өткен соң кемеден бөлініп шығады. Экипаждың жерді тамшалауға шамамен үш минут уақыты болады, кейін төмендеу басталады. Бүкіл миссия шамамен 11 минутқа созылады.

Ұшу Солтүстік Америка уақыты бойынша 8:00-ге, яғни Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-ге тағайындалған. Хабар бір жарым сағат бұрын, сағат 17:30-да басталады. Онда кеме мен астронавттардың ұшу алдындағы дайындығы көрсетіледі. YouTube-тегі Blue Origin ресми арнасында оқиғаны тікелей эфирде көруге болады. 

РБК телеарнасы бейнехостингте орыс тілді трансляция өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Путинге 9-шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауынан кейін жеделхат жолдады

Тоқаев, Путин

Азия ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті

.

Екі алтын, екі қола: Қазақстан Азия ойындарын сәтті бастады

.

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development