1 Тамыз 15:33

Беларусь вакцинасының қашан дайын болатыны белгілі болды

Фото:

Беларусь өз азаматтарына коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны тек келер жылы ғана сала бастайды. 

 Алматы, NEGE. Бұл туралы ұлттық академия басшысы Владимир Гусаков мәлімдеді. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін препараттың прототипі жасалған. Енді ол жануарларға сыналуы тиіс. Содан соң ғана клиникалық сынақтан өткізіледі. Айта кетейік, Беларусьте ковидке қарсы дәрінің жасалып жатқаны туралы ел президенті Александр Лукашенко мамырдың жетісінде жария еткен болатын. Ал қазіргі уақытта бұл ел ресейлік Спутник V вакцинасын шығарып жатыр.

Тегтер: