Әзербайжанда бірқатар карантин шаралары жеңілдеді

Әзербайжан үкіметі жанындағы жедел штабтың мәліметінше, ерекше карантиндік режим аясында қолданылатын шектеулердің тағы бір бөлігін жеңілдету туралы шешім қабылданды.
Алматы, NEGE. Сондай-ақ, қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарамастан 18 мамырдан бастап Баку, Сумгайыт, Гянджа, Лянкяран қалалары мен Абшеронск ауданында:
- SMS арқылы, icaze.e-gov.az порталына тіркелу арқылы немесе жұмыс орнынан анықтама арқылы үйден шығуға рұқсат алу жүйесі жойылады;
- саябақтарға және демалыс орындарына баруға қойылған шектеу жойылады;
- мейрамханалар, дәмханалар және барлық тамақтану орындары 08:00-18:00 аралығында қызмет көрсетеді; Сондай-ақ, 18 мамырдан бастап Әзербайжанның барлық аумағында:
- музейлер мен көрме залдарының қызметі қалпына келтіріледі; - 65 жастан асқан адамдарға үйден шығуға салынған тыйым күшін жояды. Қазіргі уақытта ерекше карантин режимі кезінде елде мынадай шектеулер қала береді:
- жүк көліктерін қоспағанда жер және әуе қатынасы арқылы елден кіруге және шығуға;
- Баку және Сумгайыт қалалары мен Абшеронск ауданынан, сондай-ақ Гянджа және Лянкяран қалаларынан шығуға және кіруге; - басқа қалалар мен елдің басқа аудандарынан жер және әуе қатынасы арқылы жолаушылар тасымалдауға;
- барлық білім беру мекемелеріндегі оқу ісі; - жерлеу рәсімін қоспағанда діни қызметтерді өткізуге, залдарда, палаткаларда ас беруге және ұйымдастыруға;
- той жасауға; - мәдени-спорттық шараларға;
- ойын-сауық орталықтарының жұмысына; - кинотеатрлар, театрлар, спорт залдардың қызметіне;
- ел аумағындағы ірі сауда орталықтарының жұмысына; - медициналық мекемелердегі науқас туыстарға баруға; - сауықтыру және спорт қызметтерін көрсетуге; - массаж жасауға тыйым салынады.