24 Қыркүйек 10:53

Ауғанстандағы ең ірі университетке «жас» ректор тағайындалды

Фото:

 Тәліптер елдегі ең ірі университетке жаңа ректор тағайындады.

Алматы, NEGE. Оқу орнын енді журналистика бакалавры дәрежесінің иегері Мұхаммад Ашраф Гейрат басқарады. Ол профессор Мұхаммад Осман Бабуридің орнына келді. Жаңа ректордың жасы қаншада екені белгісіз. Бірақ оқытушылар мен студенттер Гейраттың әлі жас екенін және елдің басты жоғары оқу орнын басқару үшін тиісті тәжірибесі жоғын айтады. Университет сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Гейрат 2008 жылы Кабул университетінің журналистика факультетін бітіріп, содан кейін Ауғанстанның Білім министрлігінде жұмыс істеген, онда ол елдің оңтүстік-батысындағы бақылау органдарының бірін басқарған. Ауған зиялыларының өкілдері жаңадан тағайындалған жас ректордың Twitter-дегі парақшасында бір жыл бұрын жазылған жазбасын еске түсіріп, Кабул университетінің болашағы үшін алаңдап отыр. Жас ректор өзінің парақшасында «Талибан» содырларының журналистерді өлтіруін ақтайтын жазба қалдырған.

Тегтер: