Атамбаев өзін қамауда қалдыруды сұрады

11 қараша, 14:05
Атамбаев өзін қамауда қалдыруды сұрады
Фото: sputnik_kyrgyzstan

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев соттан оны қамауда қалдыра беруін сұрады. Бұл туралы Атамбаевтың кеңесшісі әрі айыпталушылардың бірі Құндыз Жолдыбаева айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE.  Дереккөз мәліметінше, Жолдыбаева - экс-президенттің ең жақын кеңесшілерінің бірі.

Тергеуге сүйенсек, ол да 2019 жылы Қой-Таштағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар. Сот оған үй қамауында ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын таңдаған.

"Менің сотқа бір өтінішім бар - мені қамауда қалдырыңыз. Маған колонияда онсыз да 11 жыл берілді, бірақ оған еш дәлел жоқ. Уақыт бәрін көрсетеді. Мен әлі де шындық жеңетінін білемін.Мен бәріне төтеп беремін", - деп келтірді Жолдыбаева экс-президенттің сөзін.