10 Маусым 17:12

AstraZeneca вакцинасының жанама әсері бары мойындалды

Фото:

Ұлыбритания ғалымдары ұлыбританиялық-швед компаниясының коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасының жанама әсері барын мойындады, - деп хабарлайды  Nature Medicine басылымы.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Мамандар AstraZeneca немесе Pfizer/BioNTech коронавирусқа қарсы препаратының алғашқы дозасын алған екі жарым миллион Шотландия тұрғынының денсаулық жағдайы туралы мәліметті талдаған. AstraZeneca-ны 1,7 миллионнан аса және Pfizer-ді 800 мыңға жуық адам алған.

AstraZeneca вакцинасын алған кейбір науқастарда қанның ұюы және соған байланысты қан кету жағдайлары байқалған. Көп жағдайда тромбоздың жоғарылау дерегі тіркелген, ал Pfizer препаратында мұндай жанама әсер анықталған жоқ.

Зерттеушілер AstraZeneca вакцинасын алған адамдарда қан ұюына байланысты жанама әсерлер жиілігі 1,13 мың адамға шаққанда 100 жағдайды құрайтынын анықтады. Соған қарамастан Эдинбург университетінің Азиз Шейх бастаған ғалымдары екі вакцина да жақсы қабылданады деп баға берген.

Айта кетейік, Дания - AstraZeneca вакцинасынан толықтай бас тартқан алғашқы ел. Наурызда Еуропаның бірнеше елі вакцинациядан кейін тромбоздың жиілеп кетуіне байланысты препаратты қолдануды тоқтатты, ал Австрияда AstraZeneca препаратын алған науқас қайтыс болды.

Кейін вакцинация Канада, Германия, Италия, Латвия, Исландия, Франция, Испания, Индонезия, Словения, Нидерланды, Ирландия және басқа да бірқатар елде тоқтатылды. Алайда кейінірек бірқатар елде вакцинация  ДДҰ ұсынымдары бойынша қайта басталды. Осы оқиғалардың аясында AstraZeneca вакцинасы жаңа атауға ие болды.

Тегтер: