Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян COVID-19 жұқтырды
01 маусым, 13:39
Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
Алматы, NEGE. "Өкінішке қарай, тест оң нәтиже көрсетті", - деп жазған ол видеоның сипаттамасында. Пашиняннің айтуынша, вирустың ешқандай белгілері жоқ. Сондай-ақ, ол отбасы мүшелері де коронавирус жұқтырғанын айтты. Барлығы оқшауланды дейді.
Никол Пашинян бұл қызметке 2018 жылдың 8 мамырына келген еді.