12 Қаңтар 17:39

Анталия губернаторы бойы 160 см-ден төмен әйелдердің көшеге шығуына тыйым салды

Фото:

Түркияның Анталия губернаторы Ерсин Язиджи бойы 160 см-ден төмен әйелдерге желмен ұшып кетпеу үшін көшеге шығуға тыйым салды. Бұл туралы қаланың Twitter желісінде хабарланды.

Алматы, NEGE. «Анталияда жел ұшырып кету қаупіне байланысты бойы 160 сантиметрден төмен әйел адамдарға көшеге шығуға тыйым салынады», - делінген Губернатордың ескертуінде.

Провинцияда бір күн бұрын боран соғып, ұшақтар қосымша аэродромдарға жіберілді, бүгін жаңбыр, қар жауып жатыр. Желдің екпіні 60 м/с-тан асады.

Жағажайлардағы толқындардың биіктігі 6 метрге жетеді, демалыс орындарында ағаштар құлады, ондаған көлік зақымданды, деп хабарлайды TRT. Бірқатар елді мекендерде су тасқыны байқалады.

Тегтер: