7 Маусым 17:49

Әлемдегі ең көне доп табылды

Фото:

Шотландиядағы Стерлинг қамалының бір бөлмесінде ескі доп табылған. Стирлинг сарайы ежелден бері Шотландия корольдері мен патшайымдарының тәж киетін және тұратын орны болған.

Алматы, NEGE. Қамалды қалпына келтіру кезінде екі шатырдың арасынан ескі доп табылған. Болжам бойынша біреу оны қатты соққымен теуіп, доп шатыр арасына қыстырылып қалған. Доп шамамен 470 жыл бұрын жасалған, және ол ең көне доп саналып отыр. Белгілі болғандай ойын добы шошқаның қуығынан және оның терісінен жасалған. Сондай-ақ сығылған құрғақ шөппен толтырылған. Табылған доп қазіргі футбол добының жартысына тең.

Доп ойындары көптеген елде мыңдаған жылдар бойы танымал болған. Мысалы, Ежелгі Грецияда мен Ежелгі Египетте және Қытайда қолданылған. Ойын ережелері барлық жерде әр түрлі болды, яғни бір жерде допты дененің барлық мүшелерімен, бір жерде қолмен, бір жерде аяқпен ұстауға рұқсат етілген. Доп ойындары Британ аралдарының аумағында кең таралған. Онда тұратын қарапайым халық та, ауқатты адамдар да доп ойнағанды ұнатқан.

Тегтер: