USD
USD
USD

Әлемдегі ең қауіпсіз қала қайсы?

Әлемдегі ең қауіпсіз қала анықталды. 

Әлемдегі ең қауіпсіз қала қайсы?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Саяхатшылардың қауіпсіздігі ұзақ уақыт бойы басты мәселеге айналған. 2021 жылы «қауіпсіздік» термині сәл өзгеше мағынаға ие болды және Economist Intelligence Unit (SCI) қауіпсіз қалалар индексінде көрініс тапты, деп хабарлайды wi-fi.ru.

Бірінші орын Дания астанасы Копенгагенге бұйырды. SCI сарапшылары қалаларды цифрлық қауіпсіздік, денсаулық қауіпсіздігі, жеке қауіпсіздік пен инфрақұрылымнан экологиялық қауіпсіздікке дейінгі 60 критерий бойынша бағалайды. Соңғы элемент тек 2021 жылы қосылды. Токио, Сингапур және Осака сияқты Азия қалалары тұрақты түрде бірінші орындарға ие болатын, бірақ жаңа критериймен Копенгаген алға шықты. Ол 100-ден 82,4 ұпай жинады. «Дания астанасы 2019 жылғы сегізінші орыннан бірінші орынға көтерілді, бұл қала жеке қауіпсіздігімен қатар экологиялық қауіпсіздік бөлімін енгізудің арқасында жақсы нәтижеге қол жеткізді болды», — делінген материалда.

«Копенгагенді осындай қауіпсіз қалаға айналдыратын негізгі факторлардың бірі – қылмыстың төмен деңгейі, ол қазір он жылдан астам уақыт ішінде ең төменгі деңгейде», – дейді Дания астанасының лорд мэрі Ларс Вайс. Канадалық Торонто 82,2 ұпаймен екінші орында, Сингапур 80,7 ұпаймен үшінші орында. Сидней төртінші, ал 2019 жылғы жеңімпаз Токио бесінші орынға ие болды. 

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан Футболдан әлем чемпионатына орай коллекциялық монеталар шығарады

Өзбекстан

Астананың Триатлон саябағында көгалды өртеді деген күдікпен төрт жасөспірім ұсталды

Триатлон саябағы

Қазанда Қосшыда NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Тоқаев, Жақыпов

Білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі жарияланды

грант