7 Маусым 19:08

Әлемдегі ең бай адам ғарышқа ұшпақшы

Фото:

Amazon мен Blue Origin ғарыштық компаниясының бас директоры Джефф Безос шілдеде ғарышқа ұшпақшы. Бұл туралы миллиардердің Іnstagram-ында мәлім етілді.

Алматы, NEGE. «Бес жастан бастап мен ғарышқа ұшуды армандадым. 20 шілде күні бұл сапарға ініммен бірге аттанамын. Бұл ең жақын досыммен өткеретін есте қаларлық сапар болмақ», - делінген Безостың жазбасында. Blue Origin шілдеде Безос пен оның інісінің New Shepard басқарылатын ғарыш кемесінің бірінші сапарына ұйымдастырылған аукцион жеңімпазымен бірге ғарышқа ұшатынын растады.

Тегтер: