USD
USD
USD

Әлемде алғаш рет адамға доңыздың жүрегі салынды

Америкалық хирургтар әлемде алғаш болып адамның жүрегін жануардікімен алмастырды. Олар науқасқа доңыздың генетикалық түрленген жүрегін салған. 

Әлемде алғаш рет адамға доңыздың жүрегі салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 7 сағатқа созылған ота осыдан үш күн бұрын жасалған. Қазір Беннеттің жағдайы жақсы. 

"Менің алдымда өлім немесе осы операция таңдауы тұрды. Тағдырым енді қандай болатынын білмеймін, бірақ мен үшін бұл соңғы мүмкіндік еді", – деді 57 жастағы науқас. 

Мэриленд университеті медициналық орталығының мамандары операцияға биліктен арнайы рұқсат алған. Онсыз науқастың өліп кететінін ескерткен. Алайда жүрек алмастырудың соңы неге апаратыны әзірге белгісіз болып отыр. 

Ал хирургтар үшін бұл операция – көпжылдық зерттеулердің нәтижесі. Олар бұл жаңашылдық әлемде көптеген адамдардың өмірін құтқарады деп үміттенеді. 

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті