20 Маусым 20:48

АҚШ-тың бірқатар штатында «Клодетт» дауылы соқты

Фото:

 АҚШ-тың бірқатар штатында «Клодетт» дауылы соғып, ондаған үй қирап қалды.

Алматы, NEGE. Флоридада соққан дүлей желден Брутон мен Шығыс Брутон қалалары көп зардап шекті. Сағатына 140 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған жел үйлердің шатырын ұшырып, талдар мен электр бағаналарын құлатты. Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Осыдан кейін дауыл Луизиананың Жаңа Орлеан қаласында ойран салып, кейін Алабама штатына қарай ойысып, екпіні төмендеді. Бірақ қатты желден кейін жауын жауып, елді мекендерді су басып жатыр.

Тегтер: