USD
USD
USD

«Ахметов елде төңкеріс жасағысы келеді»

Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, олигарх Ринат Ахметов елде төңкеріс жасамақ көрінеді. Президенттің қолында осындай ақпарат бар. 

«Ахметов елде төңкеріс жасағысы келеді»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Зеленский кеше пресс-марафонда айтты.

«Бізге жеткен ақпаратқа қарағанда біздің мемлекетімізде 1-2 желтоқсанда мемлекеттік төңкеріс жасалмақ. Бұл тек агентуралық дерек емес, дыбыстық жазба да бар. Онда Украинаның өкілдері ресейліктермен сөйлеседі. Мемлекеттік төңкеріске Ринат Ахметовті қатыстыру туралы және миллиард доллар тарту жайын талқылайды.

Менің ойымша, бұл – арандату, Ахметовті өз еліне қарсы соғысқа салып, мазақ ету. Ахметов бұл арандатуға қатыса бастады және бұл оның ең үлкен қателігі болмақ. Одан бөлек, өз халқыңа және заңды сайланған президентке қарсы соғыс ашуға болмайды. Оның төңірегіндегілер оны осындай соғысқа айдап салмақ...

Бқл мәселеге қатысты менде алаңдаушылық жоқ. Ахметов мұны білмейтін шығар, бәлкім. Білуі де мүмкін. Мен Ринат Ахметовті деректі тыңдап көруге шақырамын. Мен Янукович емеспін, ешқайда қашпаймын. Талайдың қанын мойнына жұктеген Порошенко да емеспін, бульдозерге жармаспаймын. Сол күндері жиналғандардың бәрін күтемін», – деді В.Зеленский.

Р.Ахметов.

Естеріңізге салайық, Зеленский мен Ахметовтің арасы соңғы кездері нашарлап кетті. Әсіресе, олигархтар туралы заң қабылданған соң екеуі тіпті кетісті. Әзірге олигарх Р.Ахметов айыптауға жауап берген жоқ.

Қазір оқып жатыр

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері