23 Маусым 11:44

2020 жылы 5 миллион адам миллионер атанды

Фото:

 Covid-19 пандемиясынан болған экономикалық залалға қарамастан, 2020 жылы 5 миллионнан астам адам миллионер атанды, деп хабарлайды Credit Suisse сайты.

Алматы, NEGE. Швейцарияның Credit Suisse қаржы конгломератының жыл сайынғы Global Wealth Report есебіне сәйкес, әлемдегі миллионерлер саны 2020 жылы 56 миллионнан асты. Пандемия жылы адамдардың 1 пайызынан астамы байыды. Активтері 50 миллион доллардан асатын ауқаттылардың саны 24 пайызға артып, 2003 жылдан бергі ең жоғары өсім болды. Банк сарапшылары әлемдік әл-ауқат 2020 жылдың соңына қарай 418,3 трлн долларға жетіп, 7,4 пайызға өскенін атап өтті. Сонымен қатар жан басына шаққанда ол 6 пайызға артып, 79,9 мың долларға жетті.

Әлемдік экономикаға дамыған елдердің үкіметтері мен орталық банктерінің іс-қимылдары, яғни жаһандық қаржы дағдарысы кезінде қателіктерді болдырмау мақсатында екі бағыт бойынша алдын алу шараларын қабылдағаны – халық пен бизнесті қолдау үшін ауқымды ақша құюды ұйымдастырғаны, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемелерді төмендеткені әсер еткен.

Тегтер: