18-ге толған жастарды егу басталды

13 қазан, 10:19
18-ге толған жастарды егу басталды
Фото: ғаламтордан

 Шара жұқпалы дерттің таралуымен күресу мақсатында қолға алынды.

Алматы, NEGE. Перуде жастарды вакциналау AstraZeneca препаратымен жүргізілмек. Осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, ел астанасы Лимада соңғы аптада 1,6 миллион адам егілген. Жалпы қазірге дейін Перу халықының 47 проценті толық вакциналаудан өткен.

"Басында екпе салдыруға қорыққан едім. Бірақ барлығы жақсы өтті. Өзге адамдарға денсаулығыңызды сақтап, екпе алуға асығыңыз деп айтар едім", – дейді 18 жастағы тұрғын.