USD
USD
USD

Woosong университетінің филиалы Түркістанда ашылады: Саясат Нұрбек қор төрағасы Ким Джон Хенмен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Woosong» білім беру қорының төрағасы Ким Джон Хенмен кездесті.

Түркістан
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Кездесуге «Woosong» білім беру қоры мен университетінің, сондай-ақ Түркістан облысының өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы – Түркістанда Woosong университетінің филиалын ашу, қазақстандық жоғары оқу орындары мен «Woosong» білім беру қорының өкілдерімен бірге университетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылау.Министр ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтіп, Түркістанда филиал ашу үшін бірінші кезекте қандай мәселелерді шешу қажет екенін атады. Тараптар кездесу барысында жаңа университетті жобалау критерийлерін талқылады. Сондай-ақ министр ішкі модульдерді дайындаудың және бағдарламаны егжей-тегжейлі талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

«Woosong» білім беру қорының өкілдері министрді университетпен жақынырақ танысу және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін Кореяға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram