USD
USD
USD

Кей құрылғыда WhatsApp жұмыс істемейді

WhatsApp мессенджері 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқалары орнатылған смартфондарда жұмыс істеуді тоқтатады.​

Кей құрылғыда WhatsApp жұмыс істемейді
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Бұл туралы бағдарламаны қолдау парақшасында хабарланды, деп жазды РИА Новости. Қосымша жұмыс істеуі үшін құрылғыда Android оперативтік жүйесінің 4.0.3 және одан жоғары нұсқалары немесе iOS 9, KaiOS 2.5.1 және одан кейін шыққан нұсқалары болуы қажет.

Егер құрылғыларда бағдарламалық жасақтаманың ескі нұсқалары орнатылған болса, онда WhatsApp қолданушылары енді қосымшада тіркеліп, күнделікті есеп жазбасын пайдалана алмайды. Сайтта компания ескі операциялық жүйелерде қосымшаның кейбір функциялары кез келген уақытта жұмысын тоқтатуы мүмкін екені аталып өткен. 

Хабарламада 31 желтоқсанда Windows Phone қолданушылары да мессенджерді пайдалану мүмкіндігінен айырылғаны айтылды.  

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков